Елімізде жол инфрақұрылымының виртуалды көшірмесі жасалып жатыр

Елімізде жол инфрақұрылымының виртуалды көшірмесі жасалып жатыр

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты автомобиль жолдарының виртуалды көшірмесін әзірлеу бойынша жұмысты бастап кетті деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұмыстар жолдардың электрондық паспорттарын әзірлеу жөніндегі жоба шеңберінде 

жүргізіледі. Цифрлық балама – бұл жол инфрақұрылымының виртуалды көшірмесіөз кезегінде жолдағы процестерді басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары 3D бейне сканерлеудің озық технологияларын пайдаланудаӘзірленген бағдарламалық құрал ғимараттардытротуарларды және белгілерді қоса алғандажолдар мен көше жоспарларын көрсетедіЖиналған мәліметтер негізінде жол қызметтері үшін есеп-қисап жасалады.

«Аталған жүйе проблемаларды жеделанықтауға және инфрақұрылымға араласпай-ақ шешім табуға көмектеседі. Технология өзгерістердің салдарларын болжауға мүмкіндік беріп, көше-жол желісінің параметрлерін өлшеу барысында жиналған деректерге негізделеді», – дейді мамандар.

Цифрлық жаңашылдықты енгізу жолдар мен құрылыстардың жай-күйі туралы орталықтандырылған деректер базасын құру арқылы жол желісін басқарудың тиімділігін арттыра түспекБұл жаңартылған деректер негізінде жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жоспарлауға әрі үйлестіруге мүмкіндік бередіРесурстарды дәл болжау және бөлу арқылы шығындар азаяды деп күтілуде.

Жолдардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу және басқарудың заманауи стандарттарын енгізу инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етпекДеректерді талдау проблемалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді, ал визуализация жол желісінің жағдайы туралы көрнекі ақпарат ұсынады.

Естеріңізге сала кетейікқазір ҚазжолҒЗИ мамандары көше-жол желісін басқарудың бірыңғай жүйесіне енгізе отырыпеліміздің түрлі өңірлерінде автомобиль жолдарының электрондық паспорттарын жасап жатыр.

Жаңалықтармен бөлісу