Елімізде рұқсат етілмеген полигондарды жоюдың ғарыштық мониторингі кеңейтілді

Елімізде рұқсат етілмеген полигондарды жоюдың ғарыштық мониторингі кеңейтілді

Өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу үлесі 20%-ды, ал коммуналдық қалдықтар 22,5%-ды құрады. Президенттің тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) қайта өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасы аясында 232 млрд теңгеге 94 жоба таңдалды.

136 млрд теңгеден астам сомаға 22 жоба алдын ала мақұлданды. Бұл шаралар қайта өңдеу көлемін жылына 1,2 млн тоннаға арттыруға көмектеседі. Елімізде 3 016 полигон бар. ТҚҚ полигондарына қойылатын талаптарды оңайлату тетігі енгізілді, сондай-ақ оларды заңдастырудың жаңа критерийлері белгіленді.

Қоқыс шығарушы ұйымдарды GPS-трекерлер жүйесіне қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, бұл қоқыс шығаруға мониторинг пен қадағалауды жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ рұқсат етілмеген полигондарды анықтау және жою үшін ғарыштық мониторинг аймағы 7 елді мекенге кеңейтілді. «Е-құрылыс» жүйесінде құрылыс қалдықтарын қадағалау тетігі енгізілді, бұл оларды тиімді басқаруға және заңсыз орналастырудың алдын алуға ықпал етеді.

https://t.me/KZgovernment

Жаңалықтармен бөлісу