Елімізде дәрі-дәрмек алатын жаңа сервис іске қосылды

Елімізде дәрі-дәрмек алатын жаңа сервис іске қосылды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,  пациенттерге eGov mobile мобилдік қосымшасында QR-код арқылы рецепт бойынша дәрі-дәрмек алуға мүмкіндік беретін жаңа сервис іске қосылған. Бұл дәрі-дәрмектерді алу процесін едәуір жеңілдетіп, жүйенің ашықтығын арттырып отыр.

Сервис пациенттерге қағаз құжатын ұсынбай, жазылған рецепт бойынша дәрілік заттарды алуға мүмкіндік береді.

Пациентті сәйкестендіру QR-код арқылы жүзеге асырылады, бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және қосып жазу жағдайларын азайтады. Дәріханалар өз кезегінде рецепттерді тезірек және дәлірек өңдейді, бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына оң әсер етеді және күту уақытын қысқартады.

Сервис іске қосылған сәттен бастап 6,5 мың азамат QR-кодты сәйкестендіру арқылы дәрілік заттарды алып үлгерген.

E-Densaulyq-та QR-код арқылы дәрілік препараттарды алудың қадамдық алгоритмі төмендегідей.

Дәрігерге бару:
•⁠ ⁠Дәрігер ДҚАЖ жүйесінде электрондық рецепт жазады.
Қосымшада рецецеп пен QR-кодты алу:
•⁠ ⁠EGov mobile қосымшасындағы e-Densaulyq қызметінде “Рецепттер – амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету” бөліміне өтіп, әр рецепт үшін QR-кодын алыңыз.
Дәріханада дәрі-дәрмек алу:
•⁠ ⁠Фармацевт QR-кодты сканерлейді және рецепт бойынша дәрі-дәрмек береді.

Жаңалықтармен бөлісу