Республика аумағында тұрмыс және құрылыс қалдықтарын, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне қатысты арнайы акция өткізіліп жатыр.
Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан.
“Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 5 488 ортақ пайдаланылатын орын ластанған. Абаттандыру ережелерін бұзған 13 786 факті анықталды”, – дейді ҚР ІІМ өкілдері.