Элеватор аумағынан өрт шықты

Элеватор аумағынан өрт шықты

Бүгін сағат 13:10-да «112» нөміріне Қостанайдағы элеватор аумағында өрт шыққаны туралы қоңырау келіп түсті.

Оқиға орнына жеткенде күнбағыс тұқымы бар кептіргіштің жанып жатқаны анықталды.



Өртті сөндіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамынан 40 адам мен 13 техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Олардың арасында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі де бар.

Өртті сөндіру әлі де жалғасып жатыр.

Жаңалықтармен бөлісу