Аманкелді ауданының Байғабыл және Құмкешу ауылдық округтеріне арнайы модульдік ветеринарлық пункттер жеткізілді. Бұл іс – ауданның ауыл шаруашылығы саласына серпін беретін ауқымды қадам.
Модульдік пункттер заманауи талаптарға сай, барлық қажетті құралдармен, мобильді құрылымдармен қамтылған.
Қос пункт шалғайдағы ауыл тұрғындарына ветеринарлық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Енді, аталған ауылдық округтердің малдәрігерлік мамандары арнайы жабдықталған жаңа пункттерде жұмыс істейтін болады.
Ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикалық тіректерінің бірі. Сол себепті, мал шаруашылығына қатысты проблемаларды уақтылы шешу, мал ішінде кездесетін түрлі ауруларды
қадағалап отыру – ауыл тұрғындары үшін аса маңызды. Жаңа модульдік ветеринарлық пункттер осы оң ықпалын тигібек.
Аудан басшылығы тарапынан қолға алынған игі бастаманы ауыл тұрғындары жылы қабылдауда. Жаңа пункттер арқылы ветеринарлық қызметтерді уақытылы, ыңғайлы әрі сапалы қалыпты алу мүмкіндігі артады.
«Бұл – тек бастамасы. Алдағы уақытта осындай модульдік құрылымдарды ауданның басқа да елді мекендеріне жеткізу жоспарлануда. Осылайша, ауылдық жерде мал дәрігерлік қызмет көрсету жүйесі мүлде жаңа деңгейге көтерілетін болады», – дейді мамандар.
Мұрат Жүнісұлы
Аманкелді ауданы
