Бейімбет Майлин ауданында Металлург күні дүркіреп өтті

Бейімбет Майлин ауданында Металлург күні дүркіреп өтті

Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылында тау-кен металлургия саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді. Металлург күніне арналған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. «Варваринское» АҚ қызметкерлерінің еңбегі еленіп, марапатқа кенеліп, құрметке, ән-күйге бөленді.
Іс-шара ауданның мәдени, қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды деуге болады. Мерекеге аудан тұрғындары мен қонақтары көп жиналып, ерекше әсерлі думанға куә болды. Ұйымдастырушылар атаулы күнге орай бай бағдарлама әзірлеген. Күн ұзаққа жобаның түр-түрі ұйымдастырылды. Мәселен, Халықты жұмыспен қамту орталығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнап инклюзивті алаң — ойын-сауық аймағын ашып қойды. Өңірдің жас тұрғындары үшін аудандық мәдениет сарайы мен Әйет ауылының орталық алаңында балалар анимациялық бағдарламасы өтті. Ал басты сахнада мерекенің ресми бөлігіне кезек беріліп, аудан әкімі және «Варваринское» АҚ басшылығы құттықтау лебіздерін айты.

«Құрметті сала қызметкерлері мен ардагерлері, сіздердің еселі еңбектеріңіз – қажыр-қайрат, жауапкершілік және асқан шеберліктің белгісі. Сіздер тұтас өңірдің экономикасының дамуына, өнеркәсіптік әлеуеттің нығаюуына орасан зор үлес қосып келесіздер. Solidcore Resources компаниясының бастамасы арқасында Металлург күнінің біздің ауданда игі дәстүрге айналғаны көңіл қуантады. Бұл металлургтердің еңбегіне деген құрмет белгісі ғана емес, кәсіпорынның аудан өмірімен тығыз қарым-қатынасының жарқын көрінісі», – деді аудан басшысы Қайсар Міржақыпов.

blankЖалпы, ауданның алпауыт тірегіне айналған «Варварин» АҚ-да аудан халқының үштен бір бөлігі қызмет етеді. Нақтылай айтқанда, 800-ге жуық адам осынау өндіріс орнынан несіп тауып отыр. Олрдың әрқайсысының орны бөлек, еңбегі елеулі. Осылай дейді кәсіпорын басшысы.

«Біз кезекті рет сіздермен басты мерекеміз – Металлург күнінде қауышып отырмыз. Бұл біздің компанияның дамуына, барлық жетістіктеріне, болашағына баға жетпес үлес қосатын әр түрлі мамандық иелерін біріктіреді. Жылдан-жылға біз өндірістік жоспарларды жоғары нәтижемен аяқтап келеміз. Ол үшін кәсіпорынның әрбір қызметкеріне рахмет айтқымыз келеді. Алдағы уақытта да ісіміз алға басып, жаңа биіктерді бағындыра берерімізге шүбәміз жоқ!» – деді «Варварин» АҚ басқармасының төрағасы Абдурахман Исаев.

blankБұдан соң кәсіпорында қажырлы қызметімен көзге түскен үздік қызметкерлер аудан әкімі Қайсар Міржақыповтың қолынан ведомстволық, салалық және корпоративтік марапаттарға ие болды. Сондай-ақ «Варваринское» АҚ-да жарты жыл уақыт өткен корпоративтік спартакиаданың қорытындысы да шығарылды. Автокөлік цехы, тау-кен учаскесі және персонал қызметі командалары жеңімпаз атанды.blankblankblankblankblankАудан халқы асыға күткен сәт – сырттан келген танымал тұлғалардың өнер көрсетуі. Әуелі көрермендерді еңбек сіңірген спортшы, Гиннестің рекордтар кітабына есімі бірнеше мәрте енген қазақстандық қара күш иесі Сергей Цырульниковтің шоуы тәнті етті. Ол жалаң қолмен темірден түйін түйіп, шегеден өрім өріп, металл ыдыстарды қағазша бүктеп, көпшіліктің аузын аштырып, көзін жұмдырды.blankblank

Бұдан соң өңір өнерпаздары, эстраданың жарық жұлдыздары бірінен соң бірі сахнаға шығып, мерекенің көрігін қыздырды. «Қапқарашка» лақап атымен көпке танымалы Нұржан Керменбаев, әні той-думанның сәніне айналған Jazzdauren, «OzgeMusic» кавер-тобы оркестрмен тамаша өнер көрсетті. «X-Factor Қазақстан» байқауының қостанайлық жеңімпаздары Ольга Янкова мен Ұлпан Жұмабек қалың көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік кеш ауыл аспанын самаладай жарқыратып жіберген отшашумен аяқталды.blankblankblankblankblankblankblankblank