Үш күн бойы қалың түскен қар мен бұрқасын облыстан шалғай ауылдардың тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Әсіресе, Сарыкөл ауданындағы орман шаруашылығына жақын маңдағы Островное елді мекенінің тұрғындары жол тұрмақ, ауыл ішіне қатынаудан қалған.
Бұл жайында алыс елі мекендегі оқырманымыздың бірі кешегі күннен дәлел боларлық сурет жіберіпті.
Орман шаруашылығының басшысы Рашид Раисов: “Біз бұл іске жауапты емеспіз!” – деп әуелде кесіп айтқан. Мәселенің анық-қанығына жеткісі келген тұрғындар осы елді мекеннің үстінен қарайтын Сорочин ауылының әкімі Ермек Шопағұловқа бірнеше рет хабарласқан.
Дегенмен, «батар күннің, атар таңы бар» деген қазақ. Сол жердің тумасы Николай Янусов техникасымен қазіргі өзі тұрып жатқан Сорочин ауылының бірнеше адамын жұмылдырып, елді мекенді қардан айнадай тазартып кетті.
Николай осы ауылда туып-өсіп, бірнеше жыл еңбекке араласты. Анасы әлі күнге осы ауылдың тұрғыны. Бұл жерден тіпті кеткісі жоқ. Туған жерін қимайды. Ел азаматы қиындық көрген халқына көмек қолын созуға әрдайым дайын тұрады.