Әскерге енді ғана шақырылған, дәлірек айтсақ, 1 ай бұрын келген мерзімді әскери қызметшілер арасында сайыс тартысты болды. 6697 әскери бөлімі оқу пунктінің 1-ші және 2-ші оқу ротасының сарбаздары өздерінің шығармашылық дарынын сынап, бірі жеке дауыста эстрадамен ән салса, енді бірі өз кезегінде домбыра мен гитарада ойнап қазақстандық және шетелдік эстрада репертуарынан әндер орындады. Барлық қатысушылар ерекше қабілеттерге ие.
Үш сағатқа созылған әншілер байқауында көрермендердің шапалақатры толассыз соғылды.
“Әскери бөлім деңгейінде біз көптеген іс-шаралар өткіземіз, олар әскери қызметшілердің бастамасы бойынша мерекелік күндерге арналуы да мүмкін. Бірақ бір айта кететін жәйт, көпшілігі көріп жүрген әскери киім киген, бұйрықтарды орындайтын әскерилердің артында талантты, өнерпаз, адам жатуы мүмкін ғой. Сондықтан ән байқауы еркетік қасиетпен патриоттық сезімді бір арнаға қосып рухани бай, шығармашыл жастарды әскерилердің қоғамдық өміріне тарту барысында ұйымдастырылды”, – деп атап өтті тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы майор Дулат Шәріпбаев.
Байқау қорытындысы бойынша 3 орынға қатардағы жауынгер Советалиев Ильдар Амангелдіұлы ие болды.
Екінші орын қатардағы жауынгер Поляков Юрий Александровичке берілді.
байқаудың жеңімпазы қатардағы жауынгер
Қапасов Жалғас Сағынбайұлы болды.
Жеңімпаздар алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.