Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз  етуге қатысты 48 жоба кейінге қалдырылды

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз  етуге қатысты 48 жоба кейінге қалдырылды

Оған облыстағы көктемгі су тасқыны себеп болған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңесте облыстық энергетика, ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, республикалық бюджетте қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты, наурыз, сәуір және мамыр айларына белгіленген жоспарлы қаржы көздері кейінгі айларға шегерілген. Дегенмен, маусым айында кей жоба  республикалық бюджеттен қаржыландырылмақ.

Жалпы, ТКШ мамандары биылғы жылдың қорытындысы бойынша 12,6 мың адам тұратын 15 ауылды алғаш рет орталықтандырылған ауыз су құбырына  қоспақ.  Сондай-ақ,  36 ауылға су тасымалдау үшін кешенді блок-модульдері мен тарату пункттерін орнатуды етуді  жоспарлап отыр.

Айта кетуіміз  керек, ауыз сумен қамтудың қолжетімділігі  жөнінен  Қостанай, Қарабалық, Меңдіқара, Федоров және Алтынсарин аудандары орташа облыстық көрсеткіштен төмен.

“2025 жылы 94 ауылдың   ауыз су жағдайы  жақсартылады. Ал ауларында құдығы мен ұңғымалары бар 45 елді мекен тұрғындары  су тарату пункттерін орнатудан бас тартып отыр. Төрт ауылда жобалық-құндық құжаттарды  әзірлеу мен түзетудің ұзаққа созылуына байланысты  келесі  жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселесі күмәнді.  Атап айтқанда, Әулиекөл ауданында үш  жоба – Көктал ,”Первомай”, “Юльев ауыдарын сумен жабдықтау”және Б.Майлин ауданында бір  жоба -“Николаев ауылын сумен жабдықтау жүйесін салу” көлденең кедергіге тап болып отыр. Сондықтан, Әулиекөл және Б.Майлин ауданының әкімдіктері сараптама қорытындыларының  ала отырып, жобалау- құндық  құжаттарын  әзірлеу-түзету жөніндегі жұмыстарды аяқтауды жеделдету қажет”, – деді басқарма басшысы.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу