Әлімжан Қабиев – отставкадағы подполковник. Бүгінде қаржы мониторингі органдарының құрметті ардагері. Қаржылық қылмыстарға қарсы күресте бай тәжірибесі бар тұлға Қостанайдағы білім инновация лицейінің оқуышыларымен ой бөлісті.
«Еліміз жаңадан тәуелсіздігін алып жатқанда қоғамда әртүрлі қылмыс белең алды. Әсіресе, мемлекет қазынасына зиянын тигізетін әрекеттер көбейді. Үкімет осы жағдайларды ескере отырып, қоғамдағы түрлі орын қылмыстың алдын алу үшін 1994 жылы салықтық ішкі істер органын құру жөнінде қаулысын енгізді. Араға үш жыл салып, бұл мекеме салық полициясы басқармасына айналды. Қаржы жымқыру әрекеттерімен күресте жиі байқайтынымыз, шағын кәсіп иелері салығын жасыру үшін жымысқы әрекеттерге жиі баратын. Қарапайым халық айлық ала алмай жүргенде бұл кедергілер елді одан сайын шығынға батырды. Осылайша Қаржы полициясы құрылғаны көз алдымызда. Тауарлар әр елден көптеп келе бастаған уақытта жемқорлықпен күрес агенттігі құрылды. Кейін оның ішінен Қаржы мониторинг агенттігі бөлініп шықты. Бұл жерде қоғам өзгерген сайын әр мамандыққа, кәсіпке деген сұраныс та өзгеретінін айтқым келіп отыр. Мамандық таңдауда осыны ескеріңіздер», – деді Әлімжан Қабиев.
Әлімжан Мырзағалиұлының атасы да ішкі істер саласында қызмет атқарған. Ата жолын қуған туған үш ағасы да қоғамды әділ жолға бастаған азаматтар.
Ардагер жастар арасында өзекті болып келе жатқан вейптердің зияны жөнінде де әңгіме өрбітті.
«Бұл мәселелер әрдайым ересектердің назары мен жастардың тәрбие түсінігін қажет етеді. Сонда ғана олармен тиімді күресіп, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз», – деп ой түйді ардагер Әлімжан Мырзағалиұлы.
Өмірлік тәжірибесі көрсетіп бергендей, көп жағдайда бұл заңсыз қаржылық операцияларды жүзеге асыратын қарапайым адамдардың өзі. Олар көбіне зейнеткерлер мен заңды жетік біле бермейтін әлеуметтік осал топтарды нысанаға алады. Бір қарағанда, бұл қауіпті емес сияқты көрінгенімен, қаржылық қиын жағдайда жүрген азаматтарды оңай олжа мен жылдам табыс еліктірері сөзсіз.
«Көптеген адам ол әрекеттерінің келешігі болмайтынын түсінбейді. Алайда, өздеріңіз білетіндей, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды», – деп қорытты әңгімесін.
Кездесуде Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің маманы Әсемгүл Балжақаева «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында оқушыларға дәріс оқыды.
Маман бүгінгі Darknet кеңістігінде болып жатқан келеңсіз әрекеттерді шолып өтті.
«Қаржылық жүйеге кірген көпадамөзініңзаңсызбизнеспен айналысып жүргенін білмейді. Себебі, орталықтағы басшылық зиянкестік әрекеттерін бағынысты қоғамнан жасырын ұстайды.Бұл әлеуметтік желілердегіспам-хабарламалар,анонимдімессенджерлернемесезаңсызмобильдінөмірлерарқылы жүзеге асырылуы әбден мүмкін», – деп атап өтті Әсемгүл Балжақаева.
Демек, жұмыс туралы хабарландырулар өздерінің ресми веб-ресурстарының жалған сайттарын құру арқылы жасалады. Ондағы ақпараттар нақты табысты компаниялардың ұсынысы ретінде жасырын күйінде қала береді. Көбінесе бос жұмыс орындары танымал жарнама сайттарында еркін қолжетімділік пен олардың модеранизациясының төмен деңгейіне байланысты кездеседі. Әдетте, жұмыс шарттары көрсетіле бермейді. Икемді кестесі бар тиімді еңбек жағдайлары мен молынан кіріс алу жөнінде ұсыныс жазылады. Ондайда жұмыссыз жүрген қарапайым халық еңбек шартына мән бере бермейді.
«Өткен жылдың шілде айында Қазақстанда күннен қуат алатын батарея өндіретін швейцариялық компания өнімдері тіркелді. Біз бұл табылған заттардың шетелдік фирмаға қатысы жоқ екенін анықтадық. Өнімді сатудан түскен салымдар криптовалюта арқылы жүзеге асырылып келген. Салымшыларға жылдық 1 мың пайыздан астам кіріс уәде етіледі. Схема бойынша «таныс досыңызды әкеліңіз, жолдама бойынша бонус алыңыз. Депозит салыңыз, сонда сіздің ақшаңыз жұмыс істейді» деп тапсырма жүктеледі. Міне, алаяқтардың бұл жымысқы әрекеті елге тез тарай бастады», – деді ол.
Бастапқы кезеңде компания өз қызметін Астана мен Көкшетауда жүзеге асырған. Жоба азаматтарды әлеуметтік желілерге белсенді қатыстыруымен ерекшеленген. Онлайн трансляциясы бар конференциялар өткізіліп, олар 100 мыңға дейін «лайк» жинаған. Тіпті қазақстандық телеарналардың бірі іс жүзінде болмаған көп балалы отбасыларға қалай көмек көрсететінін жайып салған. Нәтижесінде бір айдан кейін еліміздің 12 өңірінде, атап айтқанда Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Түркістан облыстарында жұмыс істеді. Агенттіктің келісілген жедел іс-шараларынан кейін бұл қаржы пирамидасы жойылды.
Ал «СһіаТаі» жобасы жайлы кейінгілер біле бермеуі мүмкін. Бұл ұжым қаржы пирамидасы бола отырып, өзін қытайлық фармацевтикалық компания ретінде көрсетті. Қытайдан келген ұйымдастырушылар жалданған қазақстандықтар арқылы фармацевтикалық зауыттардың құрылысына, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар өндірісіне инвестиция салуды ұсынды. Бұл әрекет Instagram, WhatsApp және Telegram жарнамалары арқылы іске асқан. Жүйеге қатысқан адамдардың ең төменгі жылдық табысы 700% — ға дейінгі 200 мың теңгені құрады.
«Тартылған әрбір салымшы үшін бонус есептелді. Клиенттер үшін арнайы платформа құрылды, ондағы тіркемелер үнемі бақыланып отырды. Іс жүзінде оларға қаражаттың орнына «әуе» сандары есептелді. Ал жиналған ақшаға криптовалюта сатып алынды, ол шетелдегі ұйымдастырушыларға аударылып отырды. Осылайша алаяқтарға 3 млрд теңге берген 2,5 мыңнан астам қазақстандық бір пирамидаға алданып қалды», – деп атап өтті маман.
Соңғы түскен ақпараттарға қарағанда, 8ісөндіріспенаяқталды. Оларға 3 жылдан6жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚМАжедел қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің қорытындысы бойынша пирамиданы ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
«Мұндай жобаларға алданып қалмаңыз және инвестиция салмас бұрын әрқашан пирамиданың негізгі белгілеріне назар аударыңыз. Сіз кез келген жобаны біздің «велосипед, пирамида» телеграм-боты арқылы тексере аласыз. Егер сіз немесе сіздің жақын туыстарыңыз осындай ұсыныстарға тап болса, жағдайды түсінуге көмектесетін құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз», – деп ескертеді Қаржы мониторинг агенттігінің өкілдері.
Айбек ЖҮЗБАЙ