Ел жағдайы басты назарда

Ел жағдайы басты назарда

Алтынсарин ауданында  жағдай ана жылдармен салыстырғанда біршама тұрақталып келеді.  Ауыл халқының тұрмыстық хал-ахуалына аса көңіл бөлініп, мемлекеттік бағдарламалардың  сәтті жүзеге асуы осы сөзімізді қуаттай түседі.

Мәселен, «Ауыл  – ел бесігі» жобасы аясында Большой  Чураков  ауылында ауылдық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр. Ол туралы Алтынсарин ауданының әкімі сөзін былай сабақтады:

«Жобаның жалпы құны 439 млн 822 мың теңге. Қазіргі уақытта ғимарат тұрғызылып, ішкі электрмен жабдықтау, кәріз, сумен жабдықтау, жылыту жұмыстары жүргізілді.  Жылу трассасы блок-модульдік қазандыққа орнатылды. Алдағы уақытта едені төселіп, ішкі бөліктері әрленеді. Айналасын абаттандырмас бұрын сыртқы бөлігі  электрмен жабдықталатын болады».

Бұдан бөлек,  осы ауылда газ өткізу процестерінің аяқталып қалғанынан хабардар етті:

«Аудан тұрғындарының тұрмысы  жайлы болуы үшін ауылдарды газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жылы жалпы құны 948 млн 248 мың теңге болатын “Большой  Чураковка ауылын газбен жабдықтау”  жобасын аяқталып қалды».

Аудан халқын ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асып келеді:

«Ауданда жалпы құны 2 млрд 706,4 млн  теңге болатын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы салынып жатыр. Үш жылдық жоба іске асқан жағдайда “Свердлов, Зуев, Танабаев ауылдары ауызсумен жабдықталады. Су құбырының жалпы ұзындығы 83,7 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта Свердлов  ауылына дейін магистральдық су құбыры салынды.  58 құдық орнатылды. Мамандарымыз Зуев және Танабаев  ауылдарының құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісіп кетті.   Ілияс Омарова ауылындағы сумен жабдықтау жүйесі қайта қалпына келтірілетін болады.  Жобаның жалпы құны 440 млн 384 мың теңге. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.  Құбырдың  2,7 шақырымы салынып болды.  28 құдық орнатылды».

Қазіргі таңда ауданда елді мекендерді  жарықтандыру  жұмыстары үлкен қарқын алғанын айта кету керек. Мәселен ауданның  тоғыз  ауылының көшесіне жарық тартылды. Бұл жөнінде аудан әкімі:

«Первомай ауылына көше жарығын орнатуға  конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. 23 млн теңгеге  7 көше жарықтандырылады.Қазір  кентішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осы мақсаттарға аудан бюджетінен жалпы сомасы 819 млн 823,7 мың теңге қаражат көзделген. Сегіз  ауылда жөндеу жұмыстары басталды.  Ауданның 3 ауылында орташа жөндеуге  конкурстық рәсімдер аяқталды».

Соңғы үш жылдың көлемінде аудан арасындағы автожолдарды  ретке келтіру қолға алынды. Жалпы құны 846 млн теңге болатын “Зуев-Танабаев-Воробьев»  аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ұзындығы  13 шақырым  “Красный Кордон ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеу,  “Лаврентьев-Первомай-Приозерный- Большой  Чураков ” аудандық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу  жұмыстары басталды. Аудан ауылдарын абаттандыру жұмыстары да сәтті жалғасын табуда. Әкімнің айтуынша осы уақыт аралығында  он сенбілік өткізілген:

«Ағаштар ақталып, 2 мың 650 дана көшет отырғызылды. 110 тонна қоқыс шығарылды, 20 мың 500 шаршы метр аумақ тазартылды. 12 гүлзар  абаттандырылды, 15 тарихи-мәдени ескерткіш тиісті түрге келтірілді”.

Ауданда 156 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бар болса, өткен жылы 152млн 830 мың теңге сомаға 156 меморандум жасалды, оның  53,2% – ышешімін тапты.Осы жылы 186млн 950 мың теңге сомасында меморандумдар жасалды. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда 23% – ға артық.

Биыл 28 отбасына 6 млн 420,5 мың теңге сома  атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Сондай-ақ АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға (36 бала) 653 мың теңге сомасына “кепілдендірілген әлеуметтік пакет” түрінде қосымша көмек көрсетілді.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу