“Ел үлесі – пәтерге”: 709-баспана иесі – Жітіқара тұрғыны

“Ел үлесі – пәтерге”: 709-баспана иесі – Жітіқара тұрғыны

ҚМДБ бастамасы аясында ұйымдастырылып жатқан “Ел үлесі – пәтерге” қайырымдылық іс-шарасының игілігін көрген тұрғындар қатары толыға түсті.  709-шы баспананың кілті Жітіқара ауданының тұрғыны Есенғали Саматұлына табыс етілді.

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы, Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі Бақытжан қажы Икрамұлы Жітіқара қаласына арнайы барып, су жаңа пәтер иесінің қуанышын бөлісіп қайтты.  Ол  63 жастағы жалғыз басты азаматқа аудан орталығындағы  үш қабатты үйде орналасқан 2 бөлмелі пәтердің  кілтін табыс етті. Жоба әлі де жалғаса береді.

Жаңалықтармен бөлісу