Ел Президентінің кеңесшісі Қостанайға жұмыс сапарымен келді 

Ел Президентінің кеңесшісі Қостанайға жұмыс сапарымен келді 

Сапар аясында ол түрлі сала мамандарымен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, офицерлер құрамымен, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

Кездесу барысында кеңесші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген өзекті мәселелеріне ерекше тоқталды. Мәлік Отарбаев еліміз үшін заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің маңызы зор екенін айтып, әр азаматтың бұл бағыттағы жауапкершілігін күшейту қажет екенін атап өтті.

Зиялы қауыммен өткен басқосуда Мәлік Нұржанұлы ұрпақ тәрбиесі, ұлттық болмыс, тарихи жады мен әдебиеттің орны туралы терең ой қозғады. Ол ұлттық тәрбиені бала кезден бастау, тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерін кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен рухани байлықты сіңіру маңызды екенін жеткізді.

Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

 

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суретке түсірген Бағдат Ахметбеков