Арқалықта жыл соңына дейін сексенге жуық пәтер пайдалануға беріледі

Арқалықта жыл соңына дейін сексенге жуық пәтер пайдалануға беріледі

Қалалық мәслихаттың сессиясында «Арқалық қаласының 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және одан әрі даму перспективалары» қаралды.

Депутаттар алдында қала әкімі есеп берді.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде азаматтардың әл-ауқаты мен елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Халықтың әл — ауқатын арттыру-бұл экономикалық және әлеуметтік аспектілерді қамтитын және біздің қаламыздың кілті болып табылатын кешенді мәселе», – деп атап өтті қала әкімі Әмірхан Асанов.

Облыс әкімдігінің қолдауымен және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде қалада жағдайды тұрақтандыруға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымдық және экономикалық әлеуетті сақтауға және дамытуға бағытталған жүйелі қызмет жүзеге асырылып келеді.

blank

Қала бюджеті 2022 жылы 20 млрд теңге болса, ол 2025 жылы 30 млрд теңгеге дейін өсіп, 1,5 есеге артқан. Салық түсімдері 4 млрд теңге, немесе 2024 жылдан 29%-ке артып отыр.

blank

Шағын және орта бизнес қарқын алуда. Ағымдағы жылы «Кәсіпкерлік» саласында 113 жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 1 млрд 536 млн теңгеге 6 жоба іске асырылуда.

Айта берсе атқарылған істер көп. Қаланың жылу, су,кәріз желілері кезең-кезеңмен жаңартылып жатыр. Соның нәтижесінде құбырлардың тозуынан туындайтын ақаулар анағұрлым азайған. Ғимараттар жөнделіп, білімге, мәдениетке, денсаулыққа, спортқа көп көңіл бөлінуде. Түрлі деңгейдегі маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары да жолға қойылған.

blank

«Биыл қалада бұрын-соңды болмаған үлкен ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның нәтижелерін қай саладан болса да көруге болады. Мәселен, құрылыс саласын алатын болсақ, әкім баяндамасында көрсеткендей жыл соңына дейін қалада 78 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Баспанаға мұқтаж жандар үшін бұл үлкен қуаныш», – дейді қалалық мәслихаттың төрағасы Гүлбану Елтебаева.

 Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген  автор

 

Арқалық қаласы