Президент өз сұқбатында Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының негізгі өзекті бағыттарына, 2023 жылы елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени өмірінің маңызды мәселелеріне жалпы баға беріп қана қоймай, әділ Қазақстанның құрылуының бүгінгі кезеңін де, стратегиялық перспективасын да көрсететін түйінді, жүйелі мәселелерге назар аударды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың принципті ұстанымы биліктің суперпрезиденттік вертикалынан қоғамның игілігі үшін тиімді өзара іс-қимылына көшу екенін көрсетеді. Қантар оқиғасына, мемлекеттік төңкеріс әрекеттеріне және ескі Қазақстан жақтастарының саяси жүйене көзқарасының ашықтығын байқатты. Саяси өмірге кең азаматтық тұрғыда қатысуды өрістету мақсатында басталған реформаларды жүзеге асыруға деген ұмтылысына қатысты нақты ұстанымын айтты.
Халықаралық контексте ел дамуының бүгінгі кезеңі туралы өзінің жүйелі көзқарасын тағы да танытты. Қорытындылай келе, Президенттің қазіргі сәтті де, Қазақстанның дамуының өзекті міндеттерін де терең және объективті түсінуін айта аламыз.
Рысханым Ізімова,
Меңдіқара аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы.