23 тамыз – Құрылтай депутаттарын сайлау күні Торғай шаһарының тұрғындары азаматтық ұстанымдарын танытып, маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсене қатысты.
Қосабаев және Тоқтабаев көшелерінің тұрғындары сайлау учаскелеріне ұйымшылдықпен бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Көше тұрғындарының ауызбіршілігі мен белсенділігі олардың ел болашағына деген сенімдерін көрсетті.
Тұрғындардың сайлауға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әр азамат өз даусын беру арқылы елдің дамуына қатысты маңызды қоғамдық шешім қабылдауға өз үлестерін қосты.
Торғайлықтардың бірлігі, қоғамдық өмірге деген қызығушылығы және ел болашағына деген жауапкершілігі айқын сезілді. Отбасымен, көршілерімен және көше тұрғындарымен бірге сайлау учаскелеріне келіп таңдау жасау – ауызбіршіліктің жарқын үлгісі.

№307 сайлау учаскесінде тұрғындарға арналған арнайы фотозона ұйымдастырылды.
Ерекше безендірілген аймақ тұрғындардың назарын аударып, көпшілікке көтеріңкі көңіл — күй сыйлады. Жастар, аға буын өкілдері, отбасылар дауыс бергеннен кейін осы жерде естелік суретке түсіп, шат – шадыман болды. Бұл көріністер сайлау күнінің қоғамдық маңызын айшықтап қана қоймай, тұрғындардың белсенді қатысуына жағымды орта қалыптастырды.
Мұрат Жүнісұлы
Жангелдин ауданы
