28 мая, 2025
Ел бойынша қызылшамен сырқаттанушылардың қатары азайды

Ел бойынша қызылшамен сырқаттанушылардың қатары азайды

Қызылшаға қарсы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін  қабылданып жатқан шаралар инфекциясымен күресте оң динамикаға әкелді деп хабарлайды ҚР Денсаулық саулық министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қаңтардың соңғы үш аптасында науқастар санының төмендеуі байқалды. Қаңтар айында сырқаттанғандардың қатары  өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда ел бойынша 8%-ға төмендеген.

Елімізде төрт жасқа дейінгі  балалардың жетпіс пайызы  егілген. Жалпы республика  бойынша миллионнан астам халық вакцинацияланды. Бұрын егілмеген 27 мыңнан астам адамға шұғыл вакцинациялау шаралары жүргізілді.

Министрлік барлық жағдайы ауыр балаларға мониторинг жүргізеді. Қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі түрлі мамандарды тарта отырып, телемедициналық консультация өткізеді. Вакцина алмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда екпе алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынады.   Егер аурудың белгілері пайда бола қалса,  уақытылы медициналық көмекке жүгіну қажет.