Өнім мөлшеріне  ауа райы кері әсер етті

Өнім мөлшеріне ауа райы кері әсер етті

Өткен  жылы өңір экономикасына 429,6 млрд теңге жеке инвестиция тартылды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазинаның  айтуынша, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,3% – ға артық. Мәселен, Арқалық, Ұзынкөл, Аманкелді, Жітіқара және Алтынсарин аудандарында жеке инвестициялардың айтарлықтай өсімі байқалады. Ең  төменгі көрсеткіш  Бейімбет Майлин, Жанкелдин, Меңдіқара аудары мен Рудный қаласында тіркелді. “ҚТЖ “ҰК” АҚ инвестицияларының қысқаруы Бейімбет Майлин ауданындағы бұл көрсеткішке кері әсерін тигізді. Жанкелдин және Меңдіқара аудандарында жиналған өнім сапасының төмендеп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының техника мен жабдықтарды сатып алу шығындары кедергі келтірген. Рудныйда  “ССКӨБ” АҚ  және “Қашар рудасы” АҚ инвестициялардың  көлемі төмендеген.

“Жыл қорытындысында ауыл шаруашылығында  нақты көлем индексі 84,2% -ды көрсетті. Бұл егін жинау жұмыстары басталғаннан бері ұзаққа созылған жаңбырдың салдарынан болды. Ал  керісінше құрылыс жұмыстарының көлемі 23,2% – ға өсіп, 237,6 млрд теңгеге жетті. Өсім облыстың он жеті  өңірінде тіркелді. Мәселен,  ең үлкен өсім Қарасу, Наурызым (4,2 есе), Меңдіқара, Алтынсарин және Федоров аудандары, Арқалықта көрініс тапса, НКИ Б. Майлин атындағы (“Қазақстан Темір Жолы” АҚ-да темір жолдарды жөндеу және “Қазавтожол” АҚ-да республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту бойынша жұмыстардың қысқаруына байланысты), Жітіқара (2022 жылы “КЕGOC” АҚ электр беру желісін 1,8 млрд  теңгеге жаңғыртты. Өткен жылы мұндай жұмыстар жүргізілген жоқ) және Әулиекөлде едәуір төмендеген.  Соғысында 2022 жылы орман өртінен көптеген тұрғын үй зардап шекті. ҚР Үкіметінің резервінен 91 үйдің құрылысына 2,3 млрд теңге бөлінді. Себебі,  құрылыс жұмыстарының көлемі былтырғыдан әлдеқайда асып түсті”, – деді Г.Мұсағазина.

Рейтингтің барлық көрсеткішінің оң серпінін Қостанай мен Қарабалық ауданы қамтамасыз етті. Алтынсарин, Денисов, Қостанай, Қамысты, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандары жеті көрсеткіштің  алтауында озық шықты.  Ал Б. Майлин және Меңдіқара аудандарының көрсеткіштері төмен.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу