24 июня, 2025
Экономикалық өсімді құқықтық қолдау: Президент бағыты аясында

Экономикалық өсімді құқықтық қолдау: Президент бағыты аясында

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2025 жылғы қаңтар–мамыр айларында еліміздің ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 6%-ға өсті. Бұл жетістік экономиканың негізгі салаларын — өнеркәсіп, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы және байланыс салаларын жүйелі жаңғырту жұмыстарының, сондай-ақ орнықты институционалдық және құқықтық негіздің арқасында мүмкін болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық бағыттың тірегі ретінде әділеттілік, инклюзивтілік және прагматизм қағидаттарын атап өтті.

Бұл бағыттың өзегінде — адам, оның құқықтары, қатысуы мен мүмкіндіктері тұр.

Ғалым-заңгер ретінде мен бұл стратегиялық бағытты толығымен қолдаймын. Экономиканы дамытудың жаңа тәсілі құқықтық ғылым мен практиканың келесі міндеттерді орындауын талап етеді:

  • экономикалық өзгерістерді тиімді нормативтік қамтамасыз ету;

  • инвестициялар мен меншік құқықтарын қорғау жөніндегі құқықтық тетіктерді әзірлеу және іске асыру;

  • әкімшілік, қаржы және жер заңнамасын жетілдіру;

  • азаматтар мен бизнестің әділ әрі ашық сот төрелігіне қолжетімділігін кеңейту;

  • мемлекеттік шешімдерге құқықтық сараптама жасау ісінде заңгерлік қауымдастықтың белсенді қатысуы.

Президентіміз ұзақмерзімді мақсаттардан бас тартып, нақты әрі өлшенетін міндеттерге басымдық беру қажеттігін баса айтады. Бұл тәсіл билік органдары үшін де, ғылыми және кәсіби қауымдастық үшін де айқын жауапкершілік көкжиегін белгілейді.

Динамикалық өзгерістер жағдайында құқықтық ғылым тек жауап беріп қана қоймай, алдын ала болжап, бағыт сілтеуі тиіс деп есептеймін. Президент бағытын қолдай отырып, мен реформаларды сапалы сараптамалық және кадрлық қолдауды күшейтуді, заң үстемдігін насихаттауды және мемлекет, қоғам мен сарапшылар арасындағы диалогты дамытуды маңызды деп санаймын.

Рашит Нұрмағамбетов