«Екінші өмір»: орманды қалпына келтіруге бағытталған қайырымдылық акциясы

«Екінші өмір»: орманды қалпына келтіруге бағытталған қайырымдылық акциясы

Қостанайдағы Zodiac Cinema кинотеатры ұйымдастырған Аманқарағай орманын қалпына келтіруге арналған «Екінші өмір» атты қайырымдылық акциясы көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті.

Игі шараның басты мақсаты — табиғатты қалпына келтірумен қатар, қоғамда экологиялық мәдениетті нығайту, ел ішінде табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру болды.

blank blank blank blank blank Акция барысында жүздеген ағаш көшеттері отырғызылып, Аманқарағай өңірінің жасыл белдеуін қайта жаңғырту бағытында нақты қадам жасалды. Бұл бастама қоғамды бір мақсатқа жұмылдыра білген шара ретінде де бағаланды.

blank blank blank

Бұл бастамаға еліміздің әр түкпірінен келген танымал актерлер мен кино саласының өкілдері, сонымен қатар табиғатқа бейжай қарамайтын еріктілер, белсенді азаматтар мен түрлі мекеме өкілдері атсалысты. Игі істе, әсіресе, «Дала» атты фильмнің түсіріліміне қатысқан шығармашылық топ белсенділік танытты.

blank

Акцияға қатысушы ұжымдардың арасында «Тобыл» футбол клубы, «Орион» жастар орталығы, Ұлттық банктің Қостанай облыстық филиалы, Астық Жан, Изуменка кәсіпорыны, «Барыс» волентерлік қозғалысының өкілдері бар. Олар табиғатты қалпына келтіру жұмыстарына қолдау білдіріп, үлгі көрсетті.

Zodiac Cinema кинотеатрының коммерциялық директоры Азамат Рамазанов іс-шара барысында кино мен қоғам арасындағы байланыстың нығайып келе жатқанына ерекше тәнті.

blank

«Біз бірнеше жылдан бері еліміздің талантты актерлерін шақырып, кино мәдениетін кеңінен насихаттап келеміз. Кино – бұл адамның өмірі, тағдырдың айнасы. Әр көрермен экраннан өз өмірінің бір үзігін көре алады. Жақында жарыққа шығатын «Дала» фильмі – соның дәлелі. Бұл туынды өз облысымызда түсірілді, сондықтан да біз үшін ерекше маңызды. Осы өлкеміздің табиғатын бірлесіп қорғау балалық борышымыз», – дейді Азмат Рамазанов.

Аталған кинода басты рөлдердің бірін сомдаған актер Ержан Түсіпов жаңа туынды туралы былай деді:

blank

«Фильм жуырда Науырзым қорығында түсірілді. Ол – браконьерлік тақырыбын қозғайтын, қазіргі қоғамдағы қылмыс пен әділетсіздікпен күресті бейнелейтін маңызды дүние. Бұл фильм арқылы көрерменге ой салғымыз келді. Ал табиғат апатының зардабын бірлесіп жою көппен бітптін маңызды тірлік».

Өзбекстандық белгілі актер Сейдолла Молдаханов та бұл туындыда басты рөлді сомдап, өзінің әсерімен бөлісті:

blank

«Бұл қалада алғаш рет болуым. Осыдан үш жыл бұрын жұмыс сапарымен өткенмін, бүгінде көзіме бәрі оттай басылды. Орманды далаға қайта оралу – мен үшін бақыт. Табиғатпен қауышу – жанға шипа», — деді ол.

Аманқарағай ауылдық округінің әкімі Бекзат Әбілдин де акцияның маңыздылығын өзінше бағалайды.

blank

«2022 жылы болған өрт салдарынан орманымыз үлкен шығынға ұшырады. Бұл шығынды қалпына келтіру — тек мемлекеттік қызметкерлердің емес, бүкіл қоғамның, соның ішінде бизнес пен шығармашылық қауым өкілдерінің де ортақ міндеті. Былтыр осы азаматтар бастаған көшет отырғызу жұмысы нәтиже беріп жатыр. Биыл да соны жалғастырудамыз», – деді әкім.

Аудандық мәслихат депутаты, Республика партиясының өкілі Ермек Мұстафин де өз алғысын білдіріп жатыр. Бұл бастаманың жастарға берер тәрбиелік мәнін ерекше бағалайтынын аңғартты.

blank

«Бұл азаматтарға алғысымыз шексіз. Табиғатты аялау – ұлттың болашағына жасалған инвестиция. Балалар да қуанып қалатын болды. Осындайіс- шаралар көбейе берсін», — деді ол.

Бұл акцияның өту мерзімі де символикалық мәнге ие. Қазақ киносының күнімен тұспа-тұс келді. Бұл күні еліміздің әр өңірінде отандық киноны насихаттау шаралары өтіп, өнер мен табиғатты ұштастырған жобалар жүзеге асырылды. Жыл сайын өтіп келе жатқан шағын кинофестиваль туралы жерлес кино майталманы Төлепберген Байсақалов зор үміт күтетінін білдірді.

«Бес жыл қатарынан өтіп келе жатқан шағын кинофестиваль халықтың көңілінен шығып келеді. Бұл – рухани дамудың бір жолы. Қала басшылығы, бизнес құрылымдары үлкен қолдау көрсетіп отыр. Мысалы, БК Строй компаниясы мен «Қостанай Плаза» ойын-сауық орталығының үлесі ерекше», — деп атап өтті Төлепберген Байсақалов.

blank

«Екінші өмір» акциясы – табиғатқа деген жанашырлықтың, қоғамның белсенділігінің, өнер мен өмірдің үндесуінің нақты көрінісі. Осындай бастамалар еліміздің экологиялық мәдениетін көтеріп қана қоймай, әрбір азаматтың жүрегіне үміт

отын ұялатады.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Әулиекөл ауданы