Биылғы су тасқынынан зардап шекккен Арқалық қаласына қарасты Екідің және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарына арнап, Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 35 киіз үй жеткізді.
Осыған орай, қоғамдық қордың директоры Қасым Қасабеков арнайы келіп, 32 киіз үйді Екідің ауылының тұрғындарына табыс етті. Алты қанат ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, жеребе арқылы иелері анықталды.
Қиын жағдайда көмек көрсеткені үшін «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорына Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов жылы лебізін білдіріп, қор директорына қала әкімінің алғыс хатын табыс етті. Ауылдағы ағайындар ризашылықтарын білдіріп, иығына шапан жапты.
М.Бекетұлы