Екі жүз отызға жуық Қостанай тұрғыны қызылша жұқтырған

Екі жүз отызға жуық Қостанай тұрғыны қызылша жұқтырған

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша биыл қызылша диагнозы 159 адамда расталып отыр.

Науқастардың негізгі саны Қостанай қаласында тіркелген – 229 жағдай. Айта кету керек, науқастардың негізгі контингенті – 14 жасқа дейінгі балалар, көбінесе 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар.

Облыста сырқаттанушылық негізінен вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркеледі, бүгінде 73,1% құрайды (273).

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын 41 бала қызылшамен ауырды, оқушылар арасында 55 жағдай, студенттер арасында 62 жағдай тіркелді.

Қостанай облысында барлығы ДМИ шеңберінде 44 500 адам вакцинациялануға жатады, 41 614 адам егілді, бұл вакцинациялануға жататын адамдардың 93,5% пайызын құрайды.

Жаңалықтармен бөлісу