Мердігер ұйым мектепке азық-түлік жеткізуден неге бас тартты?

Мердігер ұйым мектепке азық-түлік жеткізуден неге бас тартты?

Биылғы қаңтар айында «СПК НОРД» ЖШС мердігер ұйымы Қостанай қаласының Білім бөліміне жұмысын тоқтататынын хабарлаған кезде даулы жағдай туындады. Бұған бастауыш сынып оқушыларына тегін түскі ас беру себеп болды, соның салдарынан азық-түлік жеткізушілер мердігермен қосымша ақы төлеу туралы келісім жасасудан бас тартты.

Қалалық білім бөлімінен баяндағандай, 2020 жылдың қазан айында Қостанай қаласының әкімдігі, білім бөлімі және «СПК НОРД» ЖШС арасында келісімшарт жасалған.

«Ынтымақтастық аясында компания қаладағы 13 мектепте турникет, оның ішінде 8 мектепте «Ақылды асхана» бағдарламасы орнатылған. “СПК НОРД” фирмасы мектептерде азық-түлік жеткізушілерімен «Ақылды асхана» бағдарламалық жасақтамасын пайдалану жөнінде келісім жасады. Оқушыларға электронды карта тегін таратылды. Балалар бұл картаны турникеттен өтетін кезде ғана емес, сонымен қатар асханада мектепте түскі ас ішу үшін де пайдаланады», – деп хабарлады ведомстводан.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу