Бақылауда ұсталатын есірткі және психотроптық препараттардың тізімі жаңарды

Бақылауда ұсталатын есірткі және психотроптық препараттардың тізімі жаңарды

Қазақстанда есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді  деп хабарлайды  Polisia.kz.

Тізімге 8 жаңа позиция қосылды. Үкіметпен осы психоактивті заттардың қылмыстық мөлшерін айқындай отырып, мемлекеттік бақылауға енгізу жөнінде кезекті қаулы қабылданған.

Жаңа тізімді Пара-флюорофентанил, Брорфин, Метонитазен есірткі заттары: 3-метоксифенциклидин, Эвтилон, Клоназолам, Диклазепам, Флубромазолам психотроптық заттар және 4-метилпропиофенон есірткі өндірісінде қолданылатын Прекурсор толықтырып отыр.

“Аталған заттар Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен Еуразиялық экономикалық одақта бақылауға жататын есірткілер тізбесіне енгізілген. Бұл олардың бақылаудағы заттардың ұлттық тізіміне енуіне негіз болды”, – деп бөлісті ІІМ-де.

Қазіргі уақытта есірткіні тізімге енгізу процедурасы шамамен бір айға созылады. Ол үшін күдікке ілінген заттар Еуразиялық одақ елдерінің тізбелерінде немесе БҰҰ-ның есірткіні бақылау жөніндегі Халықаралық Комитетінің ұсынымда болуы қажет.

Қазақстанда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін осындай 700-ге жуық зат бар екені белгілі болды.

Жаңалықтармен бөлісу