«Е-өтініш несімен тиімді?

«Е-өтініш несімен тиімді?

«Е-өтініш» − азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге арналған ақпараттық жүйе. Бұл жүйе жіберілген өтініштердің қаралуын жылдам бақылануын жетілдіруге бағытталған. Ондағы мақсат – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырып, өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру.  Ең тиімдісі, азаматтар өтінішті үйден шықпай-ақ бере беруге болады.

Жіберілген  өтініштер жұмыстың түрлі процесінде   цифрлық бағыт бойынша мемлекеттік органдардың құзыретімен  автоматты түрде анықталады. Бұл мемлекеттік органдар арасындағы сұраныс санын оңтайландырып, өтініштердің қаралу мерзімін қысқартуға тиімді. Өтініш берушіні тиісті жауап алудың  барлық кезеңдерінде хабардар етуге қолайлы. Сол үшін мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлық өтініштердің бірыңғай базасы қалыптасқан.

 

Өтініш беруші жеке кабинетіне:

 

Логин (ЖСН/БСН) және пароль бойынша;

Компьютерге жүктелген сертификаттың көмегімен ЭЦҚ бойынша;

Сим-картадағы ЭЦҚ көмегімен, ол үшін телефон нөмірі мен ЖСН қажет болады;

Көрсетілген ұялы телефонға келетін бір реттік парольді қолдану арқлы;

биометриялық мәліметтер бойынша (Digital ID) кіруге болады

 

Жаңалықтармен бөлісу