Докторантураға құжат қабылдау науқаны басталды

Докторантураға құжат қабылдау науқаны басталды

Ол 2023 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды  Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.

Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болады. Егер түсушіге берілген өтінішке өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау жүйесі жабылғанға дейін өңдеу немесе жою мүмкіндігі беріледі. Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 9 тамызда қолжетімді болады. Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе жазу – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды. Былтырдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу сертификатынан басқа, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну міндеттелгенін ескеру қажет. Түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz/ сайтында көрсетілген.

Жаңалықтармен бөлісу