ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банктік депозиттер бойынша пайыздарға 5% салық енгізу туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды. ҚР Үкіметі бұл норманын күшін жою және депозиттер бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
