Денисов ауданында еркін және әйелдер күресінен көрнекті жаттықтырушылар Б.Дубиров пен Б.Игисеновты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен республикалық турнир аяқталды.
Жарысқа Қостанай облысынан, Астана қаласынан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясынан 200-ден астам спортшы қатысты. Қыздар мен жасөспірімдер арасындағы жыл сайынғы дәстүрлі турнир өте тартысты, әсерлі және жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өту керек.
Балуандар боз кілемде әдемі техника көрсетті. Балуандар бәсекесінің қорытындысында жүлдегерлер медальдармен, естелік мүсіншелермен марапатталып, чемпиондарға арнайы белбеулер табыс етілді.
Дубировтар отбасы мен олардың жақын достары спортшыларды түрлі номинациялар бойынша атап өтіп, сый-құрмет көрсетіп жатты. Ал Игисеновтың шәкірттері чемпиондарға ақшалай сыйлықтар берді.

Ұйымдастыру комитеті турнирдің өтуіне қолдау көрсеткен демеушілер – Г.В.Прокофьевке, «Олимп» ЖШС директоры Е.В.Вагнерге және П.Пастушокке алғыс білдіреді.
«Жастар арасында спортқа және салауатты өмір салтына деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын көру қуантады. Мұндай турнирлер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, рухани күш-жігерін нығайтуда және патриотизмді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», – деді Денисов ауданының әкімі Руслан Қатпаев.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Денисов ауданы
