28 мая, 2025
Денисов ауданында жеке тұрғын үй өртке оранды

Денисов ауданында жеке тұрғын үй өртке оранды

Антонов ауылындағы болған өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 литр болатын екі газ баллонын алып шыққан.

«Ол жерден  1978 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сағат 8: 56-да өрт Денисов ауданының № 8 өрт сөндіру бөлімінің күшімен жойылды. Өрттің себебі анықталып жатыр», – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.