Наурызнаманың “Қайырымдылық” күні аясында ашылған нысанның салтанатты рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали мен «Samruk Kazyna Trust» қорының бас директоры Әлфия Әдиева арнайы қатысты.
“Бұл кешенде бір уақытта бірнеше спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар. «Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен 239,0 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген бұл кешен ауданның спорттық әлеуетін одан әрі арттыруға жол ашатындығы сөзсіз”, – деп атап өтті спорт кешенінің ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали.
Жасөспірімдер дайындық шараларын көрсетті. Спорт додасын үздік спортшылар мен бапкерлері марапатталды.
«Samruk Kazyna Trust» қорының бас директоры Әлфия Әдиева спорт кешенінің ашылуымен Денисов ауданының тұрғындарын құттықтады.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.