Дарынды жас қалай да аға жолын қумай ма?

Дарынды жас қалай да аға жолын қумай ма?

Нұралы ол кезде тоғыз жаста болатын. «Астана» футбол орталығында доп теуіп жүрген шағы. Ерекше ойын өрнегімен тәнті мұның аяқ алысына құрдастары қызыға қараушы еді. Достарының ортасында сондай сыйлы. Ағасының бұл беделі бес жасар Нұрмүбәракті де одан сайын футболға тарта түскен. Міне, «Тобыл» жастарының жартылай қорғаушысы Нұрмүбәрак Жақсылықтың мансабы осылай басталды.

Әкелері Ербол Жақсылықұлы да кезінде талантты спортшы болған. Жекпе-жекте жауырыны жерге тимеген балуан осы өңірдің азаматы. Киелі Торғай топырағының тумасы. Баласының бойынан өзгерісті сезген Ербол:

– Балам, айта ғой, менен ештеңе жасыра алмайсың, – деді бұған қарап.

Көзінен от ұшқыны бірден білінді. Құтты бір бес жастағы баланың тілегіне ұқсамайды. Үлкен арманын жайып салды:

– Әке мен ағам сияқты үлкен футболшы болғым келеді, – деп аспаннан әлденені іздегендей ұзақ қарады.

– Мынаны қара, – деген ішкі таңданысын жасырып қалғандай, – Түкір, балам, ағаң да әлі жас. Бұйырса, ол арман да орындалар…

Келесі күні үшеуі Нұралы жаттығатын үйірме орталыққа келді. Бапкермен де көп сөйлеспеді. Дәл уақытында жетіпті. Өздері де ел арасынан спортқа ынтасы бар бүлдіршіндерді іздеп жатқанын айтты.

Көп уақыт өтпей Нұрмүбәрактың қабілеті ашыла түседі. Жаттықтырушылары жасөспірімдер арасындағы жарыстарға жиі ертіп апаруды әдетке айналдырды. Бұл жаттығатын «Астана» футбол орталығы Ресей мен Қазақстан клубтарының басын біріктірген кезекті турнирдің финалдық кездесулеріне жолдама алды.

«Ол уақытта қазіргідей командаларды жас-жасқа жіктеп бөлмейтін. Ағам екеуміз бірге жаттығып жүрдік. Халықаралық турнирде командамыз «Локаматив» балаларымен үшінші орынға таласып жатқанбыз. Бір доп айырмасымен ұтып тұрдық. Ойынның соңғы минуттарында қақпаға қауіп төндірмес үшін қолмен ойнағанымды аңғармай қалдым. Төреші он бір метрлік айып добын белгілеп берді. Абырой болғанда қақпашы ерледі. Осы ойын өмір бойы есімде қалыпты», – дейді ол.

Арада бірнеше жылдар өтіп, ағасы Нұралымен Қостанайға келді.

Ағасы «Тобыл» жастарының жидесін киіп, бұл қатарымен доп тепті. Кейін Кюджи лигада өзін жақсы жағынан көрсете білді.

«Алыстан соққы жасайтын қырымды байқаған бапкерлер көбінесе айып добын маған орындатады. Ойын жағынан Асхат Тағыбергенге ұқсайтынымды балалар жиі айтады. Ойынымызды негізгі құрамның ойыншылары да жиі бақылап, кеңесін беріп тұрады. Асхат ағамызбен көбірек тәжірибе алмасамын», – дейді жас футболшы.

Кезекті жаттығудан кейін алаңды босатуға бет алған сәті еді.

–Бері келші, – деген дауыс шыққан жаққа қарады. – Сен, сен, – деді көрермендер отыратын тұстан мұны өздеріне шақырып.

Бұл жастардың жаттығуын тамашалауға келген Шыңғыс есімді аудармашы жігіт.

Жанында»Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ахмед Әл-Мессауди мен Папе Алиюн отыр.

Әлденені ағылшын тілінде талқылап отыр.

– Саламалекум, хоу а-ю, – деген Ахмед өзінің ислам дінін ұстанатынын әрі арап тілінен ағылшыншаға бой үйрете бастағанын бірден байқатты. Қолымен ишара жасап әлденелерді бұған түсіндірмек болды.

Сөзге аудармашы Шыңғыс араласты:

– Бұл кісі өзінің позициясында ойнайтын жастарға көп көңіл бөлетінін айтады. Ойын стилің ұнап жатыр. Доп бірінші қимылдап, ептілік танытқандікі дейді.

Папе Алиюн арқасынан қағып:

– Хорошо, вери гуд, – деп бұған бас бармағын көрсетті.

Франциялық қорғаушы үшін орыс тілі алшақ емес еді. Түркияға бармас бұрын Украина чемпионатында доп тепкені бар. Содан бері көрген сайын қолдауын үзген емес.

blank

Бос уақытында да бұлшықеттерін бірге жаттықтырғанын жөн көреді. Ата-анасына жиірек назар салғанда қалайтын Нұрмүбәрактың келешекте Еуропа төңірегіндегі клубтарда өнер көрсету ниеті жоқ емес. Басты арманы – негізгі құрамның белді ойыншысы атану.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді ұсынған Нұрмүбәрак Жақсылық