24 мая, 2025
Цифрландыру натижесі: «102» арқылы түскен 400 өтініш нәтижесінде қауіпсіздік деңгейі артты

Цифрландыру натижесі: «102» арқылы түскен 400 өтініш нәтижесінде қауіпсіздік деңгейі артты

Соңғы жылдары цифрландыру ел дамуына зор септігін тиігізіп келеді. Азаматтар өтінішін қабылдау үшін белсенді пайдаланатын «102» мобильді қосымшасы күнделікті өмірге цифрлық технологияларды дендеп енгізудің бір үлгісі болып отыр.

Қосымшаны Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы шеңберінде 2021 жылы енгізген.  Оған Қостанай тұрғындары құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды  бейне және аудио қоңыраулар, мәтіндік хабарламалар түрінде жібере алады.

«Бұл полицияға оқиғалар мен құқық бұзушылықтар туралы жедел хабарлап, жұмыс процесін едәуір жеңілдетуге ықпал етті. Қосымшаның басты артықшылықтарының бірі – полиция операторына қандай да бір оқиғаны нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретінінде. Бұл жедел әрекет етуге ғана емес, қоңырау шалушының орналасқан жерін бірден анықтауға көмектеседі. Қажетті шараларды қабылдау процесін де тездетеді. Мобильді қосымша полицейлерге жедел әрекет етуге және мәселелерді шешуге тиімді», – дейді мамандар.

2024 жылы Қостанай облысында полиция «102» қосымшасы арқылы азаматтардан 400-ге жуық өтініш қабылдаған. Олардың көбі тұрақ ережелерін бұзу оқиғаларына қатысты. Өткен жылы осы қосымшаның арқасында жүзден астам жүргізуші көліктерді тротуарларда, көгалдарда және ойын алаңдарында қалдырғаны үшін жауапқа тартылған.