Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында «Өткен шақтың қаһармандары» зияткерлік ойыны өтті.
Ақылдылар шайқасында барлық курсы мен дайындық бағыттарынан 9 студенттік топ атсалысты.
Жеңіс жолында ақылды ұл-қыздарға күрделілігі әртүрлі төрт кезеңнен өту керек болды. Қатысушылар суреттерді тауып, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубы форматындағы сұрақтарға жауап бере отырып, өз эрудицияларын көрсете білді. Соғыс жылдарындағы әндерді оңай тапты және қосылып орындап берді.
Ойын қорытындысында «Янтарь» командасы ( КЭ-101 тобы) 1-орынды иеленді, «ЧелМУ қауіпсіздік комитеті» командасы (М-201 тобы) 2-орынға жайғасты және 3-орын «Октябрята» (МБЛ-102 тобы) командасына берілді.
Өткізілген іс-шара өскелең ұрпақ үшін екінші дүниежүзілік соғыс пен оның қаһармандарын естен шығармау қаншалықты маңызды екенін тағы да дәлелдеді.