Заңның мақсаты – жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, бәсекеге қабілетті аквашаруашылық нысандарын көбейту, сондай-ақ қоршаған ортаға және адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз ету арқылы аквашаруашылықты тұрақты дамыту.
Қостанайлық зейнеткер көршілерін біріктіріп, полициямен бірлесіп тәртіп орнатты
Қостанай қаласының 61 жастағы тұрғыны Гүлнар Әмірова – бір адамның бастамасы бүкіл үйдің өмірін өзгерте алатынының жарқын үлгісі. Зейнетке шыққанына бір жыл ғана уақыт болғанына қарамастан, бұрынғы кәсіпкер демалысты емес, жүздеген адамның жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды іске бел шеше кіріскен.
Қостанай облысында қайтарылған активтерге 279 шақырым су құбыры салынады
Прокуратура органдары заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қамысты ауданының әкімі 6697 әскери бөлімі 2-атқыштар ротасының тыныс-тіршілігімен танысты
Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев жұмыс сапарымен Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6697 әскери бөлімінің 2-жеке атқыштар ротасына келді. Сапар мақсаты — әскери бөліністің күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, қызметтік жағдайымен және инфрақұрылымдық жай-күйімен танысу. Бұл туралы ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Мәслихат депутаттары былтырғы бюджет есебін бекітті
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары 2024 жылғы аймақ бюджетінің қалай игерілгені жайлы есепті бекітті.
Жағалауда кезекті профилактикалық рейд ұйымдастырылды
Қостанайда күннің күрт ысуы қала тұрғындарын жағажайларға жетеледі. Сынап бағаны +29°C-ты көрсетіп, шаһардағы ресми суға шомылу орындарында адам қарасы көбейді. Ал бұл жағдай өз кезегінде қауіпсіздік мәселелерін қайта көтерді.
Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
Қазақстанда Су ресурстары және ирригация миистрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі күшіне енді. Бұл құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді. Яғни, ол – халықты және экономиканы су тапшылығы мен су көздерінің ластануынан қорғау, сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын қорғауда еліміздің мүддесін қамтамасыз ету дегенді білдіреді.
Қостанайда волонтерлер мен полиция әлеуметтік эксперимент өткізді
Мақсат — 21 жасқа толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау. Бұл бастамаға 19 және 20 жастағы жас волонтерлер қосылды. Олар полиция қызметкерлерімен бірге түнгі уақытта қала дүкендерін аралап, сатушылардың заң талаптарын қаншалықты сақтайтынын тексерді.
Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда: Қостанайда ауқымды ата-аналар жиналысы өтті
Қостанайда 200-ден астам ата-ана бас қосып, жаз мезгіліндегі ең өзекті мәселелердің бірі – балалардың қауіпсіздігін талқылады. Ауқымды профилактикалық іс-шараны Қостанай облыстық Полиция департаменті ұйымдастырды.
Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан топ құрықталды
Ішкі істер министрлігі азаматтардың жеке деректерінің заңсыз таралу арналарына тосқауыл қою бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.