Бұл туралы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ел аумағында ақшалай есеп айырысулар салық төлеушілердің белгілі бір санатын қоспағанда, бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып жүргізілетінін еске салады.
ІІМ Қазақстан Республикасы азаматының жаңа үлгідегі жеке куәліктерін шығаруды бастады
15 маусымнан бастап ҚР азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі.
«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтті
Қостанай облысында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қолдауымен полиция департаментінің қатысуымен болған акцияның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және өңір жолдарындағы апатты жайттарды азайту.
Бірлік пен сенім мекені
Еліміз дінаралық және этносаралық татулықтың айқын көрінісін танытып, әлем дінбасыларының басын қосып келеді. Сондай-ақ, рухани және адамгершілік құндылықтарды ілгерілетуде Қазақастан маңызды рөл атқаратынын танытты.
Қазақстанда балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгерді
ҚР Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрықпен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына өзгерістер енгізді.
Жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін
Бұл ҚР Көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отыр.
Дала жануарларын заңсыз аулау толастамай тұр
Қостанай облыстық прокуроры Берік Әбіловтің төрағалығымен орман қорында жануарлар дүниесін қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Пәтер және мүлік иелері кооперативіне жауапкершілік күшейеді
Сонымен қатар жаңа заң жобасында тұрғын үйлерді басқару субъектілеріне салық салу тәртібі де айқындалмақ.
Мәжіліс мемлекеттік сатыпалым туралы заңды қабылдады
Мәжіліс «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылады
Аталған Заң жобасы шеңберінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделген.