Пәтер және мүлік иелері кооперативіне жауапкершілік күшейеді

Пәтер және мүлік иелері кооперативіне жауапкершілік күшейеді

Сонымен қатар жаңа заң жобасында тұрғын үйлерді басқару субъектілеріне салық салу тәртібі де айқындалмақ.

Мәжілістің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізілді.

«Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен әзірленді. Заң жобасының мақсаты – тұрғын үй қорын басқару жөніндегі қызметті жетілдіру, басқару процестерін цифрландыру. Пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктеріне арналған бірыңғай талаптарды белгілеу. Сонымен қатар тұрғын үй инспекцияларының функцияларын кеңейту», – деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, заң жобасында тұрғын үйлерді басқару субъектілеріне салық салу тәртібі айқындалады.

«Сондай-ақ, үйлерді басқару жүйесіне қатысушыларға әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. Заң жобасын жұмысқа алуға және олар бойынша қорытынды әзірлеуге дайынбыз», – дейді ол.

Жаңалықтармен бөлісу