Редакцияға Гүлсара есімді оқырманымыз елімізге аты мәшһүр Марал Ишанның жиені Жансая Ордашқызы жайлы зерттеп жүргенін айтып хабарласты.
Оқырманымыз торғайлық емшінің ғажайып оқиғасын баяндап берді
“Астанадан бір сынықшы ақсақалды тауып алдым. Есімі – Бақытжан. Торғай жерінен былтыр көшіп келіпті” деп бастайды әңгімесін. Оқырман назарына болған жайды толығырақ ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Қамыстылық өнертапқыш көлік ойлап тапты
Темірден түйін түйген Қамысты ауданының тұрғыны, өнертапқыш Қайрат Кәрімов 300 келі жүк көтеретін шағын трактор ойлап тапты. Ауыл шаруашылығына арналған темір көлікті шебер бір жылдың ішінде құрастырып шығарған.
Қаңтар айына ауа райы болжамы жарияланды
Қаңтар айында Қазақстанның ауа райын көбінесе Атлантикалық циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайтын болады, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік өңірлерде қар түрінде болжанады. ҚР бойынша бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-28 м/с дейін күшеюі жиі күтіледі.
Ұлу жылынан не күтеміз?
Тағы бір жыл тарих қойнауына сүңгігелі тұр. Дана қазақ «Жылдың жаманы жоқ» дейді. Алайда халқымыздың әр жылға тән сипат беретін әдеті бар. Сонымен, келе жатқан Ұлу жылына қандай жорамал жасауымызға болады?
Аспан түрлі түске боянды
Қазақстанның солтүстігіндегі ерекше құбылысты облысымыздың тұрғындары түсіріп алған. Түнгі аспанда таң қалдыратын жарқырауы бар кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Журналистерге оңтүстік өңірдің киелі жерлері таныстырылды
«Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ халық батыры А. Имановтың 150 жылдығына орай «Аманкелді-Торғай» өңірлерінде орналасқан киелі жерлерге ПРЕСС-ТУР ұйымдастырды.
Өңірімізден төрт мың жылдық тарихы бар жәдігерлер табылды
Облысымызда археологтар қола дәуірінің нығайтылған қонысын зерттеп жатыр. Ғалымдар бірнеше жылдан бері Ресей шекарасына жақын Денисов ауданының аумағында жұмыс істеуде. Қазір мамандар тұрғын үйлер, құдықтар, шаруашылық ғимараттар секілді құрылымдарды зерттеуде. Олар дала маусымын келесі күні аяқтады. Көптеген жаңа артефактілер табылды. Археологтар оларды егжей-тегжейлі зерттеумен өз зертханаларында айналысады, деп хабарлайды 24.kz.
Тылсым: Кірдің суы
Өз басым ырым-наным дегенге қатты сенетін адаммын. Сондықтан да болар, тылсым дүниелерге толы әңгімелерді көп оқимын. “Қостанай таңы” газетінің “Тылсым” бетін де қалдырмаймын. Тіпті, асыға күтемін десем де болады.