Дәстүрлі «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» ұлттық мейрамы Арқалық қаласының аймағында жалпыхалықтық реңкте кеңінен аталып өтіп жатыр. Іс-шараларға толы онкүндікпен басталған мерекелік думан мәдени орындарда, білім беру мекемелерінде толассыз ұйымдастырылуда.
Торғайлық қарт ананың үйден дауыс беруіне жағдай жасалды
Бүгінгі сайлауда барлық өңірде үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылды. Комиссия өкілдері егде жастағы тұрғындардың шаңырағына арнайы барып, таңдау жасауына жағдай жасады. Шалғайдағы Торғай өңірінде де қарияларға қызмет көрсетілді.
Қашар мен Горняцк кенттері сайлауды ерекше қарқынмен бастады
Қашар кентінің тұрғындары түске дейін дауыс беріп үлгерді. Бұл олардың ерекше белсенділігінің дәлелі. Қазір учаскелер дауыс санауды бастаған.
Қар аршып, қарияның батасын алды
Жылда қыс кезінде толассыз жауған қардан, бұрқасын, боран болған күндері Тоқанай – Қызбел – Бидайық жолдары жабылып, жол қатынасына едәуір қиындықтар тудырады.
Өңір басшысы Сарыкөл ауданына іссапармен барды
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов алғашқы сапарын өзінің еңбек жолын бастаған Сорочин ауылдық округіне қарасты Крылов ауылынан бастады. Ауыл республикалық тас жолдан бес шақырым жерде орналасқан, бүгінде онда 691 адам тұрады. Крыловтағы өмірлік маңызды әлеуметтік нысандардың бірі – жалпы білім беретін мектеп. Өңір басшысы мектептегі жағдаймен танысып, түйткілді сауалдарды тыңдады.
Арқалықтық көп балалы ана отбасылық асхана ашты
Көп балалы ана Лаура Құрманжанқызы былтыр мемлекеттен 1 млн 225 мың теңге грант алып, көптен ойында жүрген кәсібін бастады.
Маман тапшылығы әр ауылда бар
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Меңдіқара ауданының Михайлов ауылдық округіне қарасты Степанов ауылына барды.
Қостанай облысында мал ауруы азайды
Бүгінгі таңда облыс аумағындағы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Қолайлы эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету үшін өткен жылы барлық жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді. Яғни, малдың аса қауіпті ауруларына қарсы тұрақты иммунитетті қамтамасыз етті. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев айтып берді.
Рудныйда супермаркет көбейеді
Биыл кеншілер қаласында 1,9 млрд теңгеге 14 жоба жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, «Лидер-2010» ЖШС («Село Лесное» маркасы) өндірісін жаңғыртуға 252 млн теңге бағыттағалы отыр. Сүт, ірімшік, кілегей, «Таң», йогурт көлемін бес пайызға арттырып, нарық көлемін кеңейтпекші.