Қар аршып, қарияның батасын алды

Қар аршып, қарияның батасын алды

Жылда қыс кезінде  толассыз жауған қардан, бұрқасын, боран болған күндері Тоқанай – Қызбел – Бидайық жолдары жабылып, жол қатынасына едәуір қиындықтар тудырады.

2022-2023 жылы екі аралықтағы көтерме жолды  тазарту  “Даму Торғай” ЖСШ мекемесіне бекітілді. Бұл кәсіпорынның  техникалары тракторы сақадай – сай екен. Жол жабылған сайын К-700  тракторы уақытында келіп, жолды   аршып тұрды. Қардың мол түскеніне қарамастан жол тазарту жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізді деп айтуға болады. Соңғы айларда белуардан келетін  қар, жаяу борасын Бидайық ауылына баратын жолды әлсін-әлсін бітеп, көлік қатынасына кедергі келтіргені рас. “Даму Торғай серіктестігінің мамандары жол жабылған кезде  таңғы сағат 06-да шығып, түнгі сағат 12-дейін аршиды. Олар  келген сайын  ең бірінші Саға, Ошағанды, Тоқ ауылдарының мектеп оқушыларын таситын авткөлікке  жол салып, тазартып отырды. Әрине,  жолдың болуы мектеп оқушыларының сабақ қалдырмауына жақсы болды. Қыстай қатынайтын тоқтаусыз жолымыз болғандықтан  коммуналдық  мекемеге рахметтен басқа айтарымыз  жоқ деп отыр Қызбел  мен Бидайық ауылының тұрғындары.Ауыл ақсақалы Қабиден Ахметжанов  ” Даму Торғай”  ЖСШ мекемесінің директоры Қосқолов Болат Халықұлына, бас инженері Жөкешбаев Руслан Әділбекұлына, механизаторлар Жүнісов Берік Жалғасұлы мен Батырбеков Ерік Дербісалыұлына ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Жаңалықтармен бөлісу