Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Instagram-парақшасында жазды.
Арқалықта білім беру қызметкерлерінің «Тамыз кеңесі» өтті
Кеңеске қала әкімі Әмірхан Асанов, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Талғат Ещжанов және 500-ге жуық педагогтер қатысты.
Торғайда «ЖҮРЕГІМНІҢ ДҮРСІЛІ – ТОРҒАЙ» этно-реалити жобасы бастау алды
Жангелдин аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның ұстанымы – жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық салт-дәстүр мен спортты дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау және белсенді жастардың басын бір арнаға тоғыстыру.
Жастар арасындағы экологиялық слет
Лисаковта өткен ауқымды экологиялық слет жастарды табиғатты қорғауға және өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге жұмылдырды. «Алый парус» базасында бас қосқан 80-ге жуық ерікті мен жастар ұйымдарының өкілдері өз аудандарындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша тың идеяларын ортаға салды.
Чемпионның анасымен кездесу
Сидней Олимпиадасының чемпионы, марқұм боксшы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Шойбекова Денисов ауданына арнайы келіп, жас спортшылармен жүздесті.
Науырзымда жаңа үйлер бой көтереді
Науырзымда баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін қуанышты жаңалық. Аудан орталығында бірден екі тұрғын үй жобасы жүзеге асып, алдағы уақытта әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын отбасылар жаңа пәтерлерге қоныстанады.
Арқалықта жастарға құрмет көрсетілді
Арқалықта қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, жастар саясатының дамуына және игі бастамалардың жүзеге асуына үлес қосып жүрген белсенді азаматтар мен ұжымдар марапатталды.
ҚОСТАНАЙЛЫҚ АСЛАН АХМЕТЖАНОВ — «ATLETICO DE MADRID» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ШӘКІРТІ
Қостанай облысының жас футболшысы Аслан Ахметжанов испандық атақты «Atletico de Madrid» клубының Орталық Азиядағы халықаралық футбол академиясына грант негізінде оқуға қабылданды. Бұл – жас спортшы үшін ғана емес, бүкіл Қостанай облысы үшін зор мақтаныш.
Арқалық әуежайына AYK коды берілді
Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын берді.
Тасымалдың тізгіні кімде?
Жолаушылар тасымалы бүгінде еркін бәсекеліктік ортаға берілген кәсіптің түріне айналды. Бірақ осы еркіне жіберу бақылауды қиындатып, бейберекеттікті де көбейтті. Рас, әуе жолы мен теміржол қатынасы мемлекеттің толық қадағалауында.
