Бүгін Қостанай, Рудный және Лисаков қалаларынан 10 самосвал, 9 тиегіш және 1 экскаватор жіберілді.
Жаркөлдегі жағдай: тасқын тосқауылға бой берер емес (ВИДЕО)
Бүгін Жанкелдин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылы маңындағы тасқынға қарсы күресті күшейте түсті. Су бұзып кеткен жол учаскелеріне арнаулы бригада жұмылдырылып, тағы бір КамАЗ көмекке жіберілген. Бұл жөнінде сол жерде жүрген аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов баяндап берді.
Тасқын толастаған жоқ: Тәуіш ауылы аралда қалды (ВИДЕО)
Жанкелдин ауданы Тәуіш ауылы маңынан өтетін тас жолды тасқын су екі жерден бұзып кетті. Қазір ауылдың не Торғайға, не Арқалық жағына шығатын мүмкіндігі жоқ.
Тасқын судан зардап шеккен аудандарға жаңа тұрғын үйлер салына ма?
Бүгінде тасқан судан зардап шеккен халық пен бизнеске көмек көрсету мәселесі Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің басты күн тәртібіне айналды. Облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалидің қатысуымен өткен кеңес отырысында өңірдегі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мәселесі қаралды.
Жітіқарада тасқын суға қарсы шаралар қарқынды жүргізілді
Жітіқара ауданында су тасқыны кезінде он үйді су басқан. Зардап шеккен үйдің жетеуі аудан орталығында болса, қалған үш үй Забелов ауылында орналасқан.
«Севастополь түбіндегі күрес». Сарыкөлде тасқын қаупі сейілді
Қарғын су Сарыкөл ауданын да аз әуреге түсірген жоқ. Әсіресе, Севастополь ауылдық округінің халқын үрейге салды. Алайда алдын алу шараларына ел болып жұмылудың арқасында қауіптің беті ары қараған.
Су деңгейі бес жүз текше метрге жақындады
Қазіргі уақытта Жоғарғы Тобыл су қоймасы 92%, Қаратомар су қоймасы 91% (Желқуар су қоймасы 100%) толды. Соңғы бес жыл ішінде барлық су қоймалары тек жартысына ғана жетіп келген.
Су жырып кеткен жолдар жөнделіп, қатынас қайта жанданды
Аманкелді ауданында су тасқыны салдарынан көптеген ауылдарда жолдар жабылды. Аманкелді, Үрпек, Қабырға бағытындағы тас жол бұзылып, қатынас мүлдем тоқтаған еді.
Жаркөлдегі жағдай: аудандық құтқарушылар жасағы көмекке келді
Жанкелдин ауданы Жаркөл (Тәуіш) ауылының маңында су деңгейі қайта көтеріліп, қауіп артып барады.
“Ие бола алмайтын түріміз бар”. Жаркөл ауылы шетіндегі тасқынның екпіні басылар емес (ВИДЕО)
Жанкелдин ауданы Жаркөл ауылына келіп жатқан тасқын судың қарқыны әлі де бой берер емес. Ауыл азаматтары екпінді ағынның күре жолды бұзып кетпеуі үшін дамылсыз күрес жүргізіп жатыр.