Биыл үй жануарларының қатысуымен болған ЖКО-ның алдын алу үшін облыс аумағында 60-қа жуық жануарлардың макеттері орнатылған.
Шегірткеге қарсы 2,8 млн гектар алқап өңделді
Қазақстанда 2,8 млн гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу бойынша қорғау іс-шаралары аяқталды, бұл болжанған көлемнің 110%-ын құрайды деп хабарлайды primeminister.kz.
Әрбір қызметкер қаһарман!
Тасқын су Қостанай облысының біраз елді мекеніне жайылып, залалын тигізбей қоймады. Қызыл су Рудный қаласын да айналып өтпеді. Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы шұғыл әлі нақты шешім қабылдап, ең қауіп төнген қалаға қарасты Перцев ауылын аман алып қалды. Осы тұрғыдан алғанда ТЖ қызметкерлерінің еңбегі ерен.
Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Данияр Күзенбаев: «Біздің жұмысымыздың басты өлшемі – бизнеспен кері байланыс»
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев су тасқыны кезінде өңір кәсіпкерлеріне қандай көмек көрсетілгені және нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қалай жалғасып жатқаны туралы айтып берді.
Су тасқыны кезінде малынан айырылған Қостанай облысының тұрғындарына келтірілген шығын толық анықталды
Су тасқынынан облыстың оңтүстік өңіріндегі шаруашылықтар көп зардап шекті. Апаттан кейін өзінің жеке мал шаруашылығын қалпына келтіруге кіріскендердің қатарында «Бикен» шаруа қожалығының басшысы Хамит Шакин де бар. Оның ШҚ Жанкелдин ауданы Тәуіш ауылында орналасқан.
Облыста бірнеше өрт оқиғасы тіркелді
Бүгін түнде Қарабалық кентінде өрт шықты. Өрт 15 шаршы метр алаңды шарпып, жеке тұрғынның жазғы ас үйі жанып кеткен.
Өңірде су тасқынынан кейінгі дезинфекциялау шаралары аяқталуға жақын
Төтенше жағдай жарияланған Аманкелді, Жанкелдин, Қарасу, Қостанай аудандары және Арқалық, Қостанай қалаларына қарасты елді мекендерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Өңірде үйлері тұруға жарамайтын тұрғындардың жартысына жуығы баспанамен қамтылды
Қостанай облысында баспаналары қалпына келтіруге келмейтін тұрғындардың 43,7%-ы жаңа үйге қоныстанды.
Қостанай-2 ауданының тұрғындары әлеуметтік төлем алмайды
Біржолғы әлеуметтік төлем алуға барлығы 1800-ден астам қостанайлық өтініш берген. Қостанай ауданының 10 тұрғынын қосқанда, оларға 67,1 млн теңге өтемақы төленген.