Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы – елдің саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл сайлау арқылы азаматтар өздерінің саяси ұстанымын білдіріп қана қоймай, Қазақстанның алдағы даму бағытына қатысты көзқарасын да таныта алады. Сондықтан дауыс беруге алдын ала дайындалып, партиялардың сайлауалды бағдарламаларын зерделеу маңызды.
Сайлаушылармен ашық диалог: «Әділет» «Есіктен есікке» акциясын өткізіп жатыр
Қостанай облысында «Есіктен есікке» акциясы аясында «Әділет» партиясының өкілдері тұрғындармен кездесулерін жалғастырып, ашық диалог пен азаматтармен тікелей қарым-қатынасқа ерекше мән беріп келеді.
Әр алаңның өз мәселесі бар: партиялар өңір тұрғындарымен жүздесуді жалғастырып жатыр
Зауыт цехтары мен қызылша алқаптары, дәрігерлермен және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен кездесулер, экологиялық акциялар, ашық кездесулер және өңірлерге жол тартқан пойыз – 13 тамыздағы сайлауалды күн түрлі мазмұндағы оқиғаларға толы болды.
Сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр
Қазақстанда сайлау қарсаңында сайлау учаскелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігін тексеру жұмыстары жалғасуда.
Мәдени мұра, экология және өндіріс: партиялар 10 тамыздағы науқанын неге арнады
Абай күні сайлауалды күн тәртібіне мәдени мұра мен қоғамдық бірегейлікті қалыптастыратын құндылықтарға қатысты жаңа мазмұн қосты. Сонымен қатар партиялар тұрғындармен және кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, экология, өндірісті дамыту, инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер мен еңбек жағдайларын талқылады.
Дәрігерлер, диқандар мен жұмысшылар партиялардың басты аудиториясына айналды
Елордада сайлау стратегиялары талқыланып жатқанда, өңірлерде ветеринариялық станциялар, аяқкиім фабрикалары мен тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау сияқты күнделікті мәселелерге толы өмір жалғасуда. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қай өңірлерге барып, тұрғындармен қандай тақырыптарды талқылағанына шолу жасаймыз.
