Қостанайдағы Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ академиясының 1-курс курсанттары үшін «Дорожный» кітапхана-филиалы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тарихи экскурсия өткізді.
Аманкелдіде қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу өтті
31 мамыр – ашаршылық және құғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Аманкелді ауданындағы А.Иманов атындағы мемориалдық музейде «Зұлмат жылдар зардабы» атты көрме қойылып, жазықсыз жапа шеккен жандардың ұрпақтарымен кездесу өткізілді.
Арқалықта қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Зұлмат жылдар құрбандарына тұрғызылған ескерткіш басында сырлы саз ырғағы ойнап, Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының әртістері елім, жұртым деп жан қиған «Алаш» арыстарының бейнесін сомдады. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Репрессия құрбандарын еске алды
Қостанайлықтар саяси аштық, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ескрткіш басына жиналды. Зұлмат заманның теперішін көрген ата-бабаларын естеріне түсірді, ескерткіш басына гүл шоғын қойды. Бұлардың арасында Тобыл өңірінің алғашқы қажыларының бірі болып, елдің мұсылманша сауатын ашқан Бижанқажының немересі Шәміл Төлебайұлы да бар.
Қасіретті кезеңнің куәгері
Меңдіқаралық Күләш Медеуқызының жасы биыл тоқсанға қарайды. Бүгінгі бейбіт заманда сол бір қиын кезең, болмаған балалық шағын жиін есіне алатынын айтады кейуана.
Розалина Қақанова – «Туған жер»
«Қостанай таңы» өткізіп жатқан облыстық патриоттық әндер байқауына Розалина Каканова есімді жас дарын қатысып жатыр.
Айзия Балғабай – «Алтын өмір-ай» әні
Патриоттық әндер байқауына Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназияның 3 «а» сынып оқушысы Айзия Талғатқызы қатысып жатыр.
Патриоттық әндер байқауына қатысуға шақырамыз!
Құрметті оқырман! «Қостанай таңы» газеті екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өңір оқушылары арасында «Отты жылдар жаңғырығы» атты патриоттық әндер байқауын жариялайды. Бейнебайқауда ерекше қабілетімен көзге түскен, үздік атанған қатысушыларға тағайындаған бағалы сыйлықтарымыз бар!