Костенко шахтасынан 42 адамның денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің баспасөз қызметінен.
Машина жасаушылар қаза тапқан кеншілердің отбастарына 200 млн теңге көмек жіберетін болды
Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Динара Шүкіжанова ресми парақшасында хабарлап, Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты.
Тоқтар Әубәкіров: «Қайғыңа ортақпын, Қарағанды»
Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров «АрселорМитталТеміртау» компаниясына қарасты Костенко шахтасында орын алған алапат апатқа байланысты қарағандылықтарға көңіл айтты деп хабарлайды Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің ресми сайтынан.
Шахтада іздестіру жалғасуда: Сегіз адам табылмай жатыр
Костенко атындағы шахтада 38 қаза тапқан адамның денесі табылды, 8 кеншіні іздеу жалғасуда деп хабарлайды ҚазАқпарат.
КОСТЕНКО ШАХТАСЫНДАҒЫ АПАТТАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ 35-КЕ ЖЕТТІ
Костенко шахтасындағы апаттан кейін 11 адам әлі де іздестіріліп жатыр.
29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бүгін, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.
Полицейлер көпірден секірмек болған жас жігітті құтқарып қалды
Тобыл өзеніндегі үлкен көпірдің қоршауында жас жігіт тұр деген хабар кешкі сегіздер шамасында 102-ге түсті деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Балалардың қауіпті «ойыны» ма? Полиция департаменті бейнежазбаға қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде Рудный қаласында кәмелетке толмаған баланы қаққан жеңіл автокөліктің бейнежазбасы тараған болатын. Видео авторы «балалар арасында қауіпті «ойын» пайда болғанын айтып, тұрғындарды абай болуға шақырған.
Рудный қаласында учаскелік полиция қызметкері жоғалған баланы тапты
2 қазанда сағат 11:30 — да Рудный қаласының жедел басқару орталығына әйелден қоңырау келіп түсті, ол ойын алаңында бірге жүрген 6 жасар жиенінің көзден таса болғанын хабарлады. Ол қай бағытта кеткенін байқамады. Бірден полицияға жүгінді деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Оқушылар арасындағы жанжал дене жарақатына әкелді
10 және 11 сынып оқушылары арасындағы төбелес Құсмұрын кентінің №2 орта мектебінде болған. Кенеттен болған жанжал қатысушылардың біріне ауыр дене жарақатын салуға себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.