Жанкелдин ауданы Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің би бөлімі жылды қорытындылап «Bile-Bile» атты есеп беру концертін берді. Мың бұралған биші қыздарымыздың өнерін тамашалауға келген өнер сүйер қауым көрермендер залына лық толды.
Абыройың асқақтай берсін, “Алтынай”!
Қостанай қалалық балалар шығармашылық үйінде «Алтынай» халықтық–үлгілі би ансамблінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған «Ұлы мұра» атты мерекелік кеші өтті.
Қостанайда шекарашылар ансамблі концерт қойды
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және әскери қызметтің имиджін арттыру мақсатымен ҚР ҰҚК Шекара қызметі ансамблі концерттік бағдарламамен Қостанайға келді.
“Өнеріміз саған, Қазақстан”: байқауды қостанайлықтар қорытындылады (ФОТО)
“Мирас” мәдениет үйінде ХХХVI “Өнеріміз саған, Қазақстан” атты облыстық көркемөнерпаздар байқауында Қостанай қаласының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Қостанайда “Шығармашылық шуағы” көрмесі ашылды
Қаламыздағы суретшілердің кәсіби ұйымының қалыптасуының басында тұрғандардың бірі де бірегейі мүсінші Белоусовтар.
Қор лауреаттары Қостанай сахнасында
Жастар сарайының концерт залында Назарбаев қоры сыйлығының лауреаттары концерт берді. Бұған дейін өнер иелері музыкалық білім беру мекемелерінде шеберлік сағаттарын өткізген еді.
Әкеден балаға жалғасқан өнер
Сонау тоқсаныншы жылдардың аяғында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысына Марғұлан Оспанов деген жаңа есім отты леп, тың оймен қосылған еді. Торғай дуанының Шилі ауылының шынашақтай тумасы бара-бара қатарының көш басына шықты. Тіпті, әлгі «сары бәлемен» сөз қағыстыруға көп қарсыластың дәті шыдамайтын.
Қызықты шеберлік сабағы өтті
№1 музыкалық мектепте шығармашылық тәжірибеге негізделген қызықты шеберлік дәрістері өтті.
«Көктем-қыздар» атты әншілер байқауы өз мәресіне жетті
Қаламызды екі күн бойы ән думанға бөлеген республикалық «Көктем-қыздар» атты әншілер байқауы бүгін өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Бұл байқаудың біздің өңір үшін орны бөлек. Неге десеңіз, ән додасы ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің 70 жылдық мерейтойына арналған.
Тобыл-Торғай төсінде ән думаны
Қостанайда ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің 70 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Көктем-қыздар» атты әншілер байқауының бірінші кезеңі өтті.