Алты жасар ағайынды Әмір мен Ілиястың қазасының себебі әлі нақты анықталмай отыр. Рудный полиция басқармасының бастығы Болат Иманов халыққа есеп беру кездесуінде осы мәселеге тоқтала өткен, деп хабарлайды iagorod.kz сайты. Былтыр басқарма бастығы шетелде қосымша сараптама жүргізілетінін мәлімдеген. Бүгін сот-медицина сараптамасы Мәскеуде жасалып жатқанын нақтылап айтты.