Полиция департаментінде мереке күндері өңірде жедел қалыптасқан жағдай туралы айтылды
Басты жаңалықтар, Құқық

Полиция департаментінде мереке күндері өңірде жедел қалыптасқан жағдай туралы айтылды

Мереке күндері Қостанай облысында 22 қылмыс ашылды.  Оның ішінде бұрын жасалған 10 қылмыс бар.​Мәселен, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдікті анықталды. Ол Қостанайдағы пәтерлердің бірінен ақша және зергерлік бұйымдарды ұрлап әкеткен. Шығын сомасы 1 млн 200 мың теңгені құрады. Ұрланған зат тәркіленді.

Толығырақ
Федоров ауданында қорықшы мен полицей жаралы елікті құтқарды
Құқық

Федоров ауданында қорықшы мен полицей жаралы елікті құтқарды

Федоров ауданына қарасты Баннов ауылының тұрғындары ауылға кіріп кетіп, қоршауға қыстырылып қалған сібір елігін көріп, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне хабарласқан. Учаскелік полиция инспекторы Мерген Сабыржанов пен Қостанай облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының қорықшысы Генадий Рябов құтқару операциясын жүргізді.

Толығырақ
Облыста су тасқынына қарсы дайындық күшейді
Басты жаңалықтар, Құқық

Облыста су тасқынына қарсы дайындық күшейді

Қостанай облысы су басу қаупі жоғары өңірлер қатарында. Облыс аумағында қардың көп жиналуына байланысты, қар күрт еріп, жаңбыр жауған жағдайда су тасқыны қатері артуы мүмкін. Қардың қарқынды еруі су қоймаларын кемерінен асырып, арты апатты ағындарға әкелуі мүмкін. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаев айтты.

Толығырақ
Департаменттегі “Ерлік сабағы”
Құқық

Департаменттегі “Ерлік сабағы”

Облыстық полиция департаменті айрықша шара өткізді. Салтанатты жиын азаматтардың өмірін сақтап қалған полиция қызметкерлерін ұлықтау форматында ұйымдастырылып отыр. Тәртіп сақшылары штаттан тыс жағдайда азаматтарға қалай көмек көрсете алғаны туралы айтылды. – Біздің қатарымызда өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе де, адамдарға көмек көрсететін полиция мамандығының лайықты өкілдері қызмет етеді. Балаларына лайықты тәрбие бергені үшін ата-аналарыңызға алғысымды […]

Толығырақ
Контрабанданың жолы кесілді
Құқық

Контрабанданың жолы кесілді

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Қайрак» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінің сақшылары қырағы қызметтерінің арқасында ел сыртына көлемді тауарды заңсыз алып өтуге талпынған жолаушыларға тосқауыл қойды.

Толығырақ
Қостанайда “синтетика” тасымалдаушы жігіт ұсталды (видео)
Құқық

Қостанайда “синтетика” тасымалдаушы жігіт ұсталды (видео)

Тұрғын үйлердің бірінің ауласында жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жітіқара қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған полиэтилен пакеті тәркіленді. – Ұсталған адам бір апта көлемінде Telegram қосымшасы арқылы есірткі заттарын сатқан. Төлемді банк картасымен қабылдаған. Есірткіні осылай сата отырып, ол жауапкершіліктен құтылатынына сенімді болған, – деді Қостанай облысы […]

Толығырақ
Шытырманға толы Шилі бөгеті
Құқық

Шытырманға толы Шилі бөгеті

Жанкелдин ауданының Шилі ауылындағы бөгет құрылысына қатысты басталған сот әлі жалғасуда. Айта кетейік, Қостанай қалалық №2 сотында Жанкелдин аудандық ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы Талғат Әміров, «Energy Constrution-2020» ЖШС директоры Берік Дүйсембаев және «Құрылыста Экспертиза» ЖШС сарапшысы Ғабит Алинге ҚР ҚК 189-бабы, 4-тармағының 2-тармақшасы бойынша айып тағылған.

Толығырақ