Қостанайда иісшіл ит ұрыны ұстап берді

Қостанайда иісшіл ит ұрыны ұстап берді

Акира есімді қызметтік-іздестіру иті Қостанай ауданындағы Лиман ауылында болған қылмысты ашуға көмектесті.

19 наурызда түнде дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды. Ұры азық-түлік және қолма-қол ақшаны қолды қылған. Сол мезетте дүкеннің сатушысы полицияға қоңырау шалған.

“Аудандық полиция бөлімінің тергеу-оперативті тобы құрамында қылмыс орнына киноло, полиция сержанты Руслан Қайралапов Акира есімді қызметтік-іздестіру итімен барды. Иісшіл ит ұрының ізін тауып, полицейлерді көрші көшеге апарды. Үйлердің біріндегі аулада қарақшы ұсталды. Үй ішінен оның ұрлық жасағанын айғақтайтын заттай дәлелдер табылды. Полиция бөлімінде азамат өз кінәсін мойындады. Ұсталған адам қолма-қол ақшаны жұмсап үлгермеген. Ақша мен азық-түлік дүкен иесіне қайтарылды”, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жаңалықтармен бөлісу